Пайдаланушыға сертификатты орнату

Пайдаланушыға сертификаттардың үш түрін орнатуға болады:

Пайдаланушы сертификатын жазып беру және оны орнату үшін:

  1. Консоль ағашында Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасын ашып, пайдаланушы есептік жазбасын таңдаңыз.

    Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Пайдаланушы есептік жазбасының мәнмәтіндік мәзірінде Сертификатты орнату тармағын таңдаңыз.

Сертификаттарды орнату шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Сертификаттарды орнату шебері жұмысы нәтижесінде, сертификат жасалып, пайдаланушыға орнатылады. Пайдаланушының орнатылған сертификаттары тізімін қарап шығып, файлға экспорттауға болады.

Басына оралу